Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанай облысында 65 кандидат сынға түсті

AstanaTV
25.07.2021ж. 20:00
1164
Қостанай облысында 65 кандидат сынға түсті

Қостанай облысындағы 65 ауылда жаңа әкім сайланбақ. Комиссия мүшелері өңірде науқан барлық санитарлық талаптарға сай өткенін жеткізді. Дауыс берушілер де ерекше белсенділік танытқан. Мәселен, Восточное ауылында түске дейін сайлаушылардың 70 пайыздан астамы өз дауысын беріп үлгерген. Сайлаушыларға бюллетеньдерді толтыру үшін медициналық маскалар, қолғаптар және бір рет қолданылатын қалам беріледі. Дауыс беру залында адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін күту бөлмелері де алдын ала жасақталған.  

Нұргүл МЫРЗАҒАЛИЕВА, УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дене қызуы жоғары болған жағдайда бізде арнайы бөлмелер дайындалған. Сол бөлмелерде сайлаушылар өздері өтініші бойынша дауыс бере алады. Денсаулығына байланысты келе алмайтын кісілерге біздің сайлау мүшелерінен арнайы кісі бөлініп, жәшіктерді алып, сол жерлерге барып, жаңағы кісілер дауыс бере алады.

Восточное ауылының 1250 тұрғынының жартысы дауыс беруге құқылы. Өз өмірін өзгертуге мүмкіндік болған кезде шетте қалуға болмайды,-дейді ауыл тұрғындары. Таңмен таласа алғашқылардың бірі болып, дауыс бергендердің бірі Наталья Донец.

Наталья ДОНЕЦ, ВОСТОЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылда проблемалар көп. Ең бастысы жастар ауылдан кетпеуі үшін мүмкіндігінше көп жұмыс орындары құрылуы керек.  Бұл таңдалған әкімнің басты міндеті деп есептеймін.

Ғ.Өтемісов