Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ауыл әкімдерінің сайлауы елдегі саяси жағдайға қалай әсер етеді?

AstanaTV
25.07.2021ж. 20:00
1105
Ауыл әкімдерінің сайлауы елдегі саяси жағдайға қалай әсер етеді?

Ауыл әкімдерінің сайлауы елдегі саяси жағдайға қалай әсер етеді? Мәжіліс депутаты Айдос Сарым осыған қатысты өз пікірін білдірді. Қазақстан Орталық Азиядағы ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізген алғашқы ел екенін атап өтті. Айтуынша, жаңа ауылдық округ басшылары саяси сатыдан ерекше орын алады. Жеңіске жеткендер  қызметке кірісер кезде тұрғындардан сенім мандатын алады. Ал бұл олардың   ұстанымын нығайтады дейді саясаттанушы.  Сондай-ақ, Айдос Сарымның айтуынша, басқару жүйесіндегі байланыстар біртіндеп өзгереді.  

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінде мемлекеттік басқару жүйесі қолданылады, жергілікті өзін-өзі басқару белсенді түрде енгізіліп, дамып келеді. Жергілікті бюджеттің төртінші деңгейі жұмыс істей бастады. Барлық жерде жағдай басқаша екені түсінікті, бірақ соған қарамастан, енді бірнеше салық түрлері сақталады, сонымен бірге Кеңестер пайда болады. Жергілікті халық кейбір салықтардың, атап айтқанда жер салығының мөлшерін өздері анықтайды.


А. Данияр