Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Көкшетауда ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін орталық ашылды

AstanaTV
26.07.2021ж. 20:00
1981
Көкшетауда ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін орталық ашылды

Көкшетауда ТМД бойынша ең үлкен ауыл шаруашылығы техникаларын сататын және қызмет көрсететін  орталық ашылды. Мекеме 13 000 шаршы метр аумаққа орналасқан. Нысанды швейцариялық компания салған. Жаңадан ашылған орталық енді еліміздің әр түкпіріндегі шаруаларды қосалқы бөлшектермен үздіксіз қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мұнда фермерлер мен жас мамандарды жаңа технологиялармен жұмыс істеуге үйретеді. Осының арқасында ауыл шаруашылығы саласын толықтай цифрландыру мен автоматтандыруға көшіру оңай, дейді компанияның Қазақстандық филиалы бас директоры Сергей Глокке.

Сергей ГЛОККЕ, “ЕУРАЗИЯ ГРУПП ҚАЗАҚСТАН” ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің нарықта 5,7,10 жылдан кейін операторсыз жұмыс істейтін машиналар пайда болады деп толық сеніммен айта аламыз. Сондықтан, біздің міндетіміз осы орталық арқылы болашаққа дайын болу. Біздің фермерлеріміз шұғыл шешімдер қабылдауға бейімделеді. Мысалы, бір машина операторы 3,4,5 машинаны басқара алатын жағдайға жетуіміз керек.

Л. Қуанышқызы