Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Дауылдан зардап шеккен ақмолалықтарға әлі жарық берілмеген

AstanaTV
30.07.2021ж. 20:00
2093
Дауылдан зардап шеккен ақмолалықтарға әлі жарық берілмеген

Ақмола облысында дауылдан зардап шеккен Изобильное ауылы мен Бестөбе кентінің тұрғындары жергілікті билікке наразылығын білдірді. Айтуларынша, апта басында болған қатты желден құлаған электр бағаналары әлі жөнделмеген. Тіпті, материалдық шығынды да есептеу жұмыстары созылып кетті,-дейді.
 
Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Бестөбедегі Кеңдала көшесінің қазіргі ахуалы осы. Дүлей желден баспаналардың шатыры ұшып, қирағанына бүгін 4- ші күн. Бірақ, тұрғындар әкімдік тарапынан ешқандай қимыл-қозғалыс байқалмайды дейді.


Иә, жергілікті биліктен үміт үзген кейбір тұрғындар жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

Арман, БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:


Материалдық көмек Үкіметтен болады деп айтты. Бірақ, ол ұзаққа созылады деді. Сондықтан, біз спонсорский помощь көрсетеміз дегенге келістік.  

Ал, атқамінерлер кеткен шығынды әлі есептеп бітпегендерін айтады. Жуықарада зардап шеккен халыққа жергілкті кәсіпкерлер құрылыс материалдарын жеткізетінін атап өтті.

Әсел ЫСҚАҚОВА, БЕСТӨБЕ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бірнеше күннен бері шығынды есептеп жатырмыз. Арнайы мамандарды да жұмылдырдық. Қазір жарық беру мәселесі шешілуге жақын. Құрылыс материалдарын да алдыртпақпыз.

Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне жіберілді. Сондай-ақ, әлеуметтік көмек ретінде зардап шеккендерге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көрсетілмек. Кеше арнайы комиссия екі елдімекенді аралап, қираған нысандарды қарап шықты. Нәтижесінде 2 әлеуметтік нысан мен 38 үйдің шатыры бүлінгені анықталды. Бір трансформатор мен 40 баған құлаған. Қазір Изобильное ауылына жарық беру үшін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.

Ғ.Өтемісов