Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматының жастары адам саудасымен күрес күніне орай ақпараттық науқан өткізді

AstanaTV
30.07.2021ж. 20:00
1775
Алматының жастары адам саудасымен күрес күніне орай ақпараттық науқан өткізді

“Біз адам саудасына қарсымыз!”. Осындай атаумен алматылық жастар бүгін ақпараттық науқан өткізді. Бұл шара Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күріне арналған. Іс-шара мегаполистегі сауда орталықтарының бірінде өтті. Қазақстанның жастар фракциясының белсенді жастары, сондай-ақ “Jas Otan” жастар қанаты өкілдері мен қала жастары ат салысты. Олар тек қана ересек адамдардың ғана емес, балалардың да өмірін қанау жаһандық мәселеге айналғанын айтты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл тақырып өте өзекті. Себебі, статистика мәз емес. Олардың мәліметінше, жыл басынан бері ел ішінде осындай 60-тан астам құқықбұзушылық тіркелген.

Диана АМАНКЕЛДІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ “JАS OTAN”  ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖОБА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
 
Бүгінгі жобаның негізгі символы ол көк жүрек болып табылады. ол көк жүрек осы адам саудасының құрбандарының өкініші мен адамдарды сатқан адамдардың тасжүрегі болып табылады. Сонымен қатара қатар ақпараттық науқанды жүргізу барысында, арнайы анықтама қағазы брошюркалар тараталуда. Оның ішінде адам саудасы құрбандығына қалай алып келеді   қандай жағдайлар болған кезде қалай құтқарылу қажеттілігі барлық ақпарат берілген.

Л. Қуанышқызы