Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Үш қарғып секіруден қазақстандық спортшылар жарыс жолынан шығып қалды

AstanaTV
30.07.2021ж. 20:00
1742
Үш қарғып секіруден қазақстандық спортшылар жарыс жолынан шығып қалды

Үш қарғып секіруде қазақстандық Ольга Рыпакова финалға өте алмады. Бүгін Олимпиадада жеңіл атлетика сайысы басталды. Әйелдер арасында Ольга Рыпакова, Ирина Эктова мен Мария Овчинникова Қазақстан атынан жарыс жолына шықты. Алғашқы сайысында Ольга Рыпакованың көрсеткіші 13.66 болды. Одан кейін аталған көрсеткіш 13.69-ге жетті. Бұл – биылғы маусымдағы оның жоғары көрсеткіші. Ал үшіншісінде өз көрсеткішін төмендетіп алды. Осылайша спортшы финалға өткен 12 спортшының қатарына ене алған жоқ. Елдегі ауыр атлетика федерациясының директоры олимпиадада ел намысын қорғаған зілтеміршілерге қысым көрсетілгенін жеткізді. Әсіресе, Зульфия Чиншонлоға төрешілердің наразылығы орынсыз деп есептейтінін айтты. Алайда, алдағы жарыстарға дайындықты одар әрі күшейтеміз деп отыр.

Алдияр НҰРАЛИЕВ, ҚР АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Биылғы олимпиадаға спортшылар тас-түйін дайын барды. Психологиялық тұрғыдан да, физикалық жағынан да толық дайын болды. Бірақ, төрешілер тарапынан біраз қысым болғанын ешкім жасырмайды. Дегенмен, біздің атлеттер жарады.

Ғ.Өтемісов