Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматылық палуан 26 тонналық ұшақты сүйрей алмады

AstanaTV
30.07.2021ж. 20:00
2650
Алматылық палуан 26 тонналық ұшақты сүйрей алмады

"Qazaq Titan" атымен танымал 24 жастағы Алмат Жұманов ұшақ сүйреп Қазақстанның рекордтар кітабына енуге тырысты. Әуе кемесінің жалпы салмағы 16 тоннаны құрайды. Биіктігі: 8,4 метр. Бүгінгі күннің Қажымұқаны мұны Тәуелсіздік 30 жылдығы мен Токио олимпиадасының қатысушыларына арнаған. Дегенмен, спортшы бұл белесті бағындыруға көп уақыт жұмсамадым, дейді. Мұндай батыл шешімді осыдан 2 ай бұрын қабылдаған.  

Алмат ЖҰМАНОВ, СПОРТШЫ:

Бұл жолы енді күшімді сынап көремін. Бұған енді көп дайындалған жоқпын, өйткені өзіме сенемін күшім бар деп. Бала кезден осындай спортқа жақын болғанмын ауыр темір көтеріп. Сондықтан,  бұған аса көп дайындалған жоқпын. Мен қазір белмен тартып көрсем бе деп едім. Қолмен қиынырақ болады. Өйткені аяқта күштің бәрі қолда емес.

Алмат мұндай спортпен 10 жасынан бастап айналысқан. Бұған дейін наурыз айында 100 тонналық вагонды 8 жарым метрге дейін сүйреп Қазақстан Киннестер кітабына енген болатын. Мұнымен тоқтамай арқасына 300 келілік түйе салып, үш көлікті сүйреп ерекше адамдардың қатарына екінші рет енген. Бірақ та бүгінгі нәтиже рекордтар кітабына  енуге жеткіліксіз болды.

Қуандық ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Біз ешқандай реттеу, өлшеу деген бізде болған жоқ. Ойлаймын біраз техникалық ақаулар болды рекордты толық жасауға. Бірақ та бұл біріншіден рекорд емес. Екіншіден, мұны тіркемейміз. Әлемдегі рекордтардың бәрі 10 метрден асқан ұшақтарды тартқан кезде. Сондықтан, біз одан төменін қарастыра алмаймыз.


Алмат Жұмановтың бүгінгі көрсеткіші 30 см. болды. Жалпы, бұған дейін 16 тонналық ұшақты 30 метрге тарқан ресейлік атлет болған екен. Ол алдағы айда 65 тонналық әуе кемесін сүйреуге өтініш беріпті. Десе де, қазақстандық палуанның бүгінгі өнеріне көңілі толады.

Алмат ЖҰМАНОВ,  СПОРТШЫ:

Соңғысына күшім жетпей қалды. Жаңағы 1-2 мүмкіндікті күшім сонымен кетті. Тартқанымның өзі мен үшін результат. Өйткені, бұндайды тарту оңай емес.


Қара күштің иесі мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол 300 тонналық локоматив тартып әлемдік гиннистің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Бұған дейін бұл көрсеткіш 276 тонна болған.

А. Данияр