Қажылық
парызын өтеуші мұсылмандар саны артты. Ол өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 33 пайызға көбейген. Бүгінде Сауд Арабиясына 1,5 миллионға жуық
адам барып үлгерген.
Қажылық парызды
өтеуге барғандардың 1 миллион 300 мыңы қасиетті орындарға ұшақпен барса,
көлікпен 7 жарым мың, ал теңіз арқылы 130 мың адам жеткен. Мұны Саудияның кеден
қызметі хабарлады. Бұл ел Дохамен қарым-қатынасын үзсе де, Катардан келетін
мұсылмандарға есік ашық. Бұл жолы 400-дей адам келген. Сондай-ақ өткен жылы
Эр-Рияд билігі Тегеранмен көзқарастар қайшылығына байланысты Иран азаматтарына
елге кіруге тыйым салған еді. Биыл оларға да ешқандай шектеу жоқ. Қажылық
тамыздың 30-ы мен 4 қыркүйек аралығында өтеді.