Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстандықтардың 82 пайызға жуығы ел өмірінде өзгеріс болғанын қалайды - Еуразиялық интеграциялық институт

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
2193
Қазақстандықтардың 82 пайызға жуығы ел өмірінде өзгеріс болғанын қалайды - Еуразиялық интеграциялық институт

Еуразиялық интеграциялық институтының зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың 82 пайызға жуығы ел өмірінде өзгеріс қажет деп есептейді. Демек, Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласы мерзімінде шыққан.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Жаңғыру 3:0 Рухани жаңғыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ғалымдар айтты. Кездесуге қатысушылар қоғамдық сананы жаңғыртуда жүргізіліп жатқан жұмысты кеңінен насихаттап, дәйекті пікірлері мен өзекті ойларын ортаға салды. Елде қазіргі әлеуметтік-саяси даму бағытын қолдаушылар көп. Мамандардың зерттеуінше, ол 88 пайыздан астам.

Зиябек Қабылдинов, ҚР БҒМ, ҒК Ш. Уәлиханов атындағы  тарих және этнология институтының директоры:

Посткеңестік елдерді алсақ, Қазақстаннан басқа ешбір ел рухани жаңғыруға еш көңіл бөлмеді. Әрине, бұл біздің ойымызша, 1 жылдық кампания болмау керек. Ол айлап, жылдап, он жылдап атқарыла беретін жұмыс. Егер біз рухани жағынан дайын болсақ, әлеуметтік жақ та, экономикалық жақ та түзеле бастайды.