Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елорда ауруханаларындағы әрбір екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет

AstanaTV
02.08.2021ж. 20:00
1552
Елорда ауруханаларындағы әрбір екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет

Елорда ауруханаларындағы әрбір екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет.    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осындай ақпарат таратты. Бас қалада күніне шамамен мың жарым адам вирус жұқтыруда. Бұған дәрігерлер алаңдаулы. Қазір стационарлар 74 пайыз толық.  Ауруханаға түсіп жатқандар көп. Сондай-ақ, жағдайы ауыр науқастардың көбі екпе алмаған, дейді мамандар.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

2903 науқас инфекциялық ауруханаларда ем қабылдап жатыр.  Оның 260-сы реанимация бөлімшесінде, 40 дам өкпені жасанды желдету аппаратында.  Стационарларға емделуге түсіп жатқандардың санынан емделіп шыққандардың саны көбірек.


Қазақстан бойынша эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Індеттің таралуы бойынша 12 облыс "қызыл", қалған 5 өңір "қою қызыл" аймаққа кірді. Ахуал ушыққан аймақтарда бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді.  

А. Данияр