Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Короновирус инфекциясы балалар арасында тез тарап жатыр

Короновирус инфекциясы балалар арасында тез тарап жатыр

Елімізде короновирус инфекциясы балалар арасында өршіп тұр. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда.  Қызылорда облысында науқастар саны бір айда екі есе артқан. Мамандардың мәліметінше, қазір көпбейінді облыстық балалар ауруханасында 81 бала ем алуда. Жансақтау бөлімінде жатқан екі науқастың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Ал жыл басынан бері өңірде 1180 бала қауіпті індетке шалдыққан.

Мереке БЕККУЛИЕВА, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Былтырға салыстырғанда көбіне ересектерді зақымдаса, биылға балалар саны өте көп. Дене қызуының көтерілуі, жөтел, денесінде әр түрлі бөртпелердің болуы. Әлсіздік, тәбетінің төмендігі, осындай белгілермен келіп жатыр.


М. Тоқтасынқызы