Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтандағы жансақтау бөлімдері 80% толық, - Цой

Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтандағы жансақтау бөлімдері 80% толық, - Цой

Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысындағы жұқпалы ауруханалардың жансақтау бөлімдері толуға жақын.  Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, жалпы республика бойынша инфекциялық емдеу мекемелерінің 56 пайызы бос емес, реанимациялық төсек-орынның 44 пайызында науқастар жатыр.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

3 тамыздағы мәліметке сәйкес, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек -орындардың толуы Нұр-Сұлтанда - 67%-ы, Шымкент 77%- Ал, реанимация бөлімдері   Ақмола облысында 67%-ға, Атырау облысында 68%-ға, Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтанда 80% -ға толық.

Елде COVID-19-ға қарсы вакцина алуы тиіс болған адамдардың жартысынан көбі екпе салдырды. Дәлірек айтқанда, препараттың 1-компонентін: 5 жарым миллион, 2-компонентін 4 миллионға жуық тұрғын алған. Десе де өткен айда вакцина тапшылығы туындаған. Бұған қатысты министрлік қандай шаруа тындырды?

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Министрлік 4 миллион адамға вакцинаның 8 миллион дозасын алдыру туралы келісімшарттарға қол қойды. Жеткізу кестеге сәйкес жүріп жатыр. Осыған байланысты республикада вакциналау барынша қолжетімді болады деп айта аламын.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері вакцина алғандардың 0,1 пайызы вирус жұқтырғанын айтады. Мұны екпенің тиімділігімен байланыстырады. Керісінше, төсек тартып жатқандардың 99,9 пайызы иммундалмағандар екенін жеткізді. Ал, Алексей Цой қыркүйектің соңына дейін оптимистік сценарий бойынша жүреміз дейді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Тамыз-қыркүйек айларында тіркелетін жағдайлардың болжамды саны шамамен 250 мың адам. Күніне орташа есеппен күніне 7 мыңға жуық тұрғыннан коронавирус анықталуы ықтимал. Ахуалды түзету үшін карантиндік шараларды сақтау керек және халық вакцина салдыруы қажет.


Өткен тәулікте короновирус пен пневмония 126 адамның өмірін қиды. Бұндай көрсеткіш пандемия басталғалы болмаған. Яғни антирекорд жаңарды. Кеше 7 жарым мыңға жуық тұрғыннан ковид табылды. Жалпы науқас саны 600 мыңға жуықтады. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары "қою қызыл" белдеуде. Қалған өңірлер "қызыл" аймақта. Ал Түркістан "сары" аймаққа қайта оралды.  

А. Данияр