Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қызылжарда қала көшелерінде мылтықпен жүрген ер адам ұсталды

AstanaTV
03.08.2021ж. 20:00
2245
Қызылжарда қала көшелерінде мылтықпен жүрген ер адам ұсталды

Қызылжарда ер адам ішімдікке тойып алып, қала көшелерінде мылтықпен жүрген. Набережный көшесінің бойында келе жатқан жігіттің ұзын сөмкесі полицейлерге күмән туғызады. Оны бейнекамерадан байқап қалған тәртіп сақшылары тез арада тоқтатып, тінту жүргізген. Нәтижесінде қала тұрғынынан жетінші калибрлі мылтық табылды. Мұндай қару екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көп қолданылған. 29 жасар жігіт оны қаладағы саяжайлардың бірінен тапқанын айтады. Полиция бөліміне қаруды тапсыруға бара жатыр едім деп ақталған.  

КҮДІКТІ:

Арнайы қағазбен татын кетіріп, тазалап алдым. Бір айдан соң – оны Бірінші полиция бөліміне апарып, тапсырмақшы болдым. Жол-жөнекей орап алмақшы болып, әпкемнің үйіне кірдім. Шыға берісте тәртіп сақшылары күтіп алды

Тимур ӘБДІЛМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖЕДЕЛ КРИМИНАЛИСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл тұрғынынан иір ұңғылы атыс қаруы – калибрі 7,62-де 54 мм-лі 1944 жылғы үлгідегі карабин тәркіленді. Аталған карабинді баллистикалық зерттеуден өткізу үшін ол Жедел-криминалистикалық басқармасының зертханасына жіберілді. Оның бекіткіш тетігі болмады. Сәйкес бекіткіш таңдалып алынып, қарудан оқ атылады. Оқтары ҚР Ішкі істер министрлігіне жіберіліп, оның қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.


А. Құрманкин