Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодар облысы Жолқұдық ауылының жұрты суға жарымай отыр

AstanaTV
03.08.2021ж. 20:00
2851
Павлодар облысы Жолқұдық ауылының жұрты суға жарымай отыр

Бұл -жаз бойы суға жарымаған Жолқұдық тұрғындарының жанайқайы. Орталық су құбыры тартылғанмен, тіршілік нәрі бәріне бірдей жетпейді. Соның кесірінен жұртшылық суды тасып ішіп отыр.  

Нұржан ҚАЗЕЗ, ЖОЛҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биыл вообще су жоқ. Су мәселесі өте қиын болып жатыр. Балаларды шомылдыру. Даже шомылдыру бар болсын ішуге су жоқ. Машиналары барлар өздері әкеледі. Машиналары жоқтар енді отырмыз. Фляктарымызды далаға шығарып қоямызда осылай күтіп отырамыз.

Тұрғындардың айтуынша, соңғы бір аптада тасымал судың өзі жоқ.  Бүгін түсірілім тобы келген соң ғана әкелді дейді.   

Бәкібай МАҚАШОВ, ЖОЛҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзіміз суды қаладан тасимыз.  Или ауылдың башнядан барып аламыз. Акимат бізге ешқандай көмек көрсетпейді. Халықтың жағдайы осы.

2015 жылы ауылға орталық су құбыры тартылған. Тұрғындар суды үйге кіргізіп алған, бірақ игілігін көріп   үлгермепті.   

Қаби ТҰРСЫНБАЕВ, ЖОЛҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су жоқ. Не күні, не түні. Балалар түнде дәретке шығады. Сол үшін Әдейі фляк әкеліп қойдық. Содан алып, мынаған былай толтырып құямыз. Стиральный машина міне жоқ істемейді.

Ал ауыл әкімі судың жетпеуіне екі түрлі себеп барын жеткізді. Елді-мекеннің бір бөлігі биікте, екіншісі еңісте орналасқандықтан, су қысымы әртүрлі дейді. Айтуынша, тағы бір себеп- жаздыгүні халық суды бау-бақшаға қолданады.  

Амангелді РҮСТЕМОВ, АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

3-4 күн су тасымалы тоқтатылған. Себебі, УАЗ-икті істедік. Бүгінен бастап, күніне екі рет таңертең, кешке суы жоқ үйлерге тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тағы да бір су тазалайтын очистка станция салу. Ол үшін қаражат керек. Проект жасау керек. Сол мәселені тоже қарастырып жатырмыз.

Әкімнің сөзіне қарағанда мәселенің жақын арада шешілетін түрі жоқ. Ал тұрғындар   "су құбыры жобасы әу баста дұрыс жобаланбаған" дейді.

Серік ЕСЕНОВ, ЖОЛҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Из начально проект дұрыс емес. 2 мың халыққа жетпейді. 2 напорная башня жартысында бар да, су жартысында жоқ. Бұл мәселені 6 жыл бойы көтеріп келе жатырмыз. Осы біздің ауылдың водаправодына қазіргі курспен 1,5 млрд ақша жұмсалды. Ол көп ақша.


Жобалаудан кеткен қателіктен ауыл халқының тең жартысы  ауыл суға жарымай отыр. Олар облыс әкіміне де, Президентке де хат жазған. Бірақ, жазған хаттан әзір жауап жоқ дейді.  

Ө. Қуанар