Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Балқаш өңірінде ұшақ құлап, бір адам қаза тапты

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
2365
Балқаш өңірінде ұшақ құлап, бір адам қаза тапты

Балқаш аймағында екі адамдық ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты. Ал зардап шеккен жолаушы турист екені белгілі болды. Ол ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалған. Оның қай елдің азаматы екені белгісіз. Әуе кемесі Алматы облысы Жиделінің солтүстік-шығыс аумағынан 20 шақырым жерде құлаған. Жекеменшік ұшақ "Олжа Бастау" ЖШС тиесілі. Инвестициялар және даму министрлігі әуе кемесі тіркелген, алайда ұшуға рұқсат куәлігі жоқ деп хабарлады. Компанияға хабарласып көрген едік, өзін таныстырмаған қызметкер ұшақтың әуеге көтерілуге  сертификаты жоқ деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Олжа бастау» ЖШС өкілі:

Ғаламторда  серификатымыз жоқ деп жазылып жатыр. Біз қазір сұхбат бере аламаймыз да, ештеңе айта алмаймыз. Себебі ресми ақпарат жоқ. Ғаламторда жазылғаннын бәрі ойдан шығарылған.

Қазіргі таңда оқиға орнында министрлікпен тексеру және тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, шілде, тамыз айларында екі ұшақ құлап, 4 адам қаза тапты.