Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өз өзіне қол салған Өмірбек Жампозов айыпты деп танылды

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
3222
Өз өзіне қол салған Өмірбек Жампозов айыпты деп танылды

Сеніп тапсырылған мүлікті жұмсап, талан-таражға салды. Құқыққорғау органдарына оқ атып, кейін өзін өзі атып өлтірген Өмірбек Жампозов айыпты деп танылды. Бірақ өліміне орай жазадан босатылды. Бүгін Ақмола облысының Целиноград аудандық сотында "Қазсушар" басшысына осындай үкім шығарылды.

Онымен бірге айыпталғандар да 2,5 жылдан 7 жылға дейін түрмеде отыратын болды. Олар сот залында қамауға алынған.

Естеріңізге салайық, 20-шы шілде күні 61 жасар Өмірбек Жампозов осы іске қатысты үкім шығардан бұрын прокурор мен полицейді оқпен жаралап, кейін өз-өзін атып өлтірді.