Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қытайда су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты

AstanaTV
03.08.2021ж. 20:00
2374
Қытайда су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты

Қытайда су тасқынынан қайтыс болғандардың саны 300-ден асты. Ресми мәлімет бойынша, Хэнань орталық провинциясында болған су тасқыны кезінде 50 адам із-түссіз жоғалып кеткен. 9 мыңға жуық үй қирап, 13 миллион тұрғын зардап шеккен. Чжэнжчоу билігі 3 тәулікте 1 жылдық     жауын жауғанын айтып отыр. Қала мэрінің сөзінше, жерасты тұрақтарында 39 адамның мәйіті табылған. Тағы 14 адам метроны су басқанда көз жұмған. Қытайлық әлеуметтік желі қолданушылары Чжэнчжоудағы метродан түсірілген видеоны бөлісуде. Онда жолаушылардың лайлы суға белінен келетіні және қала көшелеріндегі көліктердің суға батқаны көрсетілген. Чжэнчжоуда нөсер жаңбыр мен су тасқыны қазірдің өзінде 45 мың гектар   егістікке зиян келтірген. Жалпы ен шығын - 65 жарым миллиард юань, яғни 10 миллиард АҚШ доллары шамасында.  

Л. Қуанышқызы