Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ. Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман осылай дейді.
Алмаз ШАРМАН, АМЕРИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінгі таңда әлемде 4 млрд түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды.
Мамандар вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауру ағымының ауыр болуынан сақтайды дейді. Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер- екпе алмағандар.
Сәуле АТЫҒАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:
Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз 5-қабатты үйдің тұрғындары деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай болса, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы.
Сондықтан мамандар халықтың 80 пайызы вакциналанбайынша карантинді жеңілдетпеу керек деп санайды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге тура келетінін айтады.
Б. Сатуов