$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
04.08.2021ж. 20:00
1534
"СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты. Ол екі бап бойынша айыпталған болатын. Прокурор соттан күдіктіні бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бірақ сот шешімімен экс шенеунік қамаудан босатылды.  

СУДЬЯ:

Берік Шәріп 287-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 2 миллион 778 мың теңге көлемінде немесе 1000 АЕК айыппұл тағайындалсын. Берік Шәріп 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталсын.

Сондай-ақ төлеуге жататын айыппұл оның тергеу кезінде қамауда отыру мерзімі есебінен қысқартылатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтқан болатын. Өзінің кінәсіз екенін және еліміз қиын жағдайға тап болғанда өз мойнына жауапкершілік алып,  шешім қабылдағанын және сол үшін 11 жарым айдан аса уақыт бойы тергеу изоляторында отырғанын  жеткізген.

Б. Сатуов