Токио ауруханаларында бос орын жоқ. Дәрігерлер дабыл қағуда. Олардың айтуынша, емханаларды шұғыл түрде қосымша төсек орынмен қамтамасыз ету керек. Токиодағы эпидахуал соңғы күндері өте күрделі. Осыған байланысты билік өкілдері төтенше жағдай режимін жариялады.
Хиронори САГАРА, ДӘРІГЕР:
Ауыр халде ауруханаға түсіп жатқан азаматтар қатары артып жатыр. Ал олардың бәріне бірдей орын жоқ. Бұлай жалғаса берсе, жоспарланып қойған хирургиялық операциялардың бәрін кейінге қалдыруға тура келеді.
Б. Сатуов