Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны тіркелді

AstanaTV
04.08.2021ж. 20:00
2299
Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны тіркелді

Еліміздің 19 миллионыншы тұрғыны-Жәния Азаматқызы 2021 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Туа сала жұлдызы жанған Жәния Чапаев ауылының тұрғындары Азамат   пен Нұргүлдің отбасындағы 4-ші бала. Көпбалалы отбасын   Алматы облысының әкімі құттықтап, миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Азамат НҰРҒАЛИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЧАПАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Сеніңкіремедік, шыны керек, басында. Бір сондай сенімсіздік болды. Мүмкін шатасып кеткен шығар деген сияқты. Сосын твитерге кіріп, Президентіміздің парақшасын оқып, содан кейін ғана көзіміз жетіп, осындай да болады екен ау деп. Кейін комментарилерді оқып, министрдің бірденесі шығар, байлар шығар деп, жоқ, қарапайым қазақтың семьясымыз.

А. Базарбай