Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бір күнде 158 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

AstanaTV
05.08.2021ж. 20:00
1847
Бір күнде 158 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Елімізде бір күнде 158 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Дәлірек айтқанда, 125 адам - коронавирустан, 33 адам - пневмониядан көз жұмған.  Коронавирустан ажал құшқандардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкентте тіркеліп отыр. Эпидахуал көңіл көншітпейді.  Қазақстанның 16 өңірі әлі «қызыл» аймақта. Түркістан облысы ғана «Жасыл» аймақта орналасқан.

Сәуле АТЫҒАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:

1 жасқа дейінгі балалар арасында ӨЖА-ға қосылып, жансақтау бөлімінде жатқандар бар.  60-65 жастағылардан бөлек, 20-25 жастағы қыз-жігіттердің де кетіп жатқанын көргенде жүрегіміз ауырады. Өте қорқынышты.  Балаларды да вирус жалмап жатыр.

Б. Сатуов