Елімізде бір күнде 158 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Дәлірек айтқанда, 125 адам - коронавирустан, 33 адам - пневмониядан көз жұмған. Коронавирустан ажал құшқандардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкентте тіркеліп отыр. Эпидахуал көңіл көншітпейді. Қазақстанның 16 өңірі әлі «қызыл» аймақта. Түркістан облысы ғана «Жасыл» аймақта орналасқан.
Сәуле АТЫҒАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:
1 жасқа дейінгі балалар арасында ӨЖА-ға қосылып, жансақтау бөлімінде жатқандар бар. 60-65 жастағылардан бөлек, 20-25 жастағы қыз-жігіттердің де кетіп жатқанын көргенде жүрегіміз ауырады. Өте қорқынышты. Балаларды да вирус жалмап жатыр.
Б. Сатуов