Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылжарда екі педофил құрықталды

AstanaTV
05.08.2021ж. 20:00
2000
Қызылжарда екі педофил құрықталды

Петропавлда екі педофил құрықталды.  Оның бірі бұған дейін де сотты болған. Бұл туралы полиция департаменті ресми мәлімдеді.  Елең еткізер оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Алғашқы жағдай бейресми ақпаратқа қарағанда Зайсан шағын ауданында болған. Белгісіз біреу 9 жасар қызға қиянат жасаған.  Полицейлер күдікті ретінде 1975 жылғы азаматты құрықтады. Ал екінші жағдай Мещан орманында болған. Тапа тал түсте 13 жасар жеткіншекке зорлық көрсетілген. Бұл іске қатысты тәртіп сақшылары 20 жасар жігітті ұстады.  

Петр КЛИМОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің 121 бабы төртінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ізін суытпай ұстап алған күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама жұмыстары тағайындалды. Тергеуге қатысты қалған ақпарат әзірге жарияланбайды.

А. Құрманкин