Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Науқастардың 80 % жағдайы ауыр

AstanaTV
06.08.2021ж. 20:00
1828
Науқастардың 80 % жағдайы ауыр

Кесел қысып тұрғанда, дәрігерлерде тыным жоқ. Ауруханаға сағат сайын дертті адам жеткізіледі. Елордадағы жұқпалы аурулар орталығына түсіп жатқандардың 80 пайызы ауыр халдегі науқастар. Оның жартысы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл кейуана бірнеше айдан бері реанимацияда жатыр. Коронавирусқа сенбей, ақыр-соңында осындай жағдайға түстім, деп өкініш білдірді.

НАУҚАС:

Менің бірінші тамағым ауырып бастады. Сосын қан қысымым көтеріліп кетті. Шынын айтқанда, мән бермедім. Кешкісін демалуым қиындап кетті. Амал жоқ, жедел жәрдем келіп алып кетті. Қазір әлі де бойымда әлсіздік бар.

Коронавирусқа шалдығудың көрсеткіші былтырғы жылдың маусым, шілде, тамыз айларына қарағанда едәуір жоғары. Дәрігердің сөзінше, індетті жұқтырғандардың дені-көпшілік жиындар мен той-томалаққа барғандар.

Мейіржан ӘБІШОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ:

Өкінішке орай, біздің халқымыз көбін түсінбей жатыр. Көп науқастар бізге өтіп кеткеннен кейін келеді. Жұма сайын көреміз ондай жағдайларды. Келеді 1-2 сағатта көмек көрсете алсақ көрсете аламыз. Ешқандай бізде үзіліс болмайды. Келді түсті бірден "қызыл" сызықпен біз алып келеміз.

Елде эпид ахуал оңып тұрған жоқ. Өткен тәулікте 7700-ден аса тұрғыннан індет анықталды. Коронавирус пен пневмониядан 155 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, республика бойынша науқастар саны - 108 мыңға жетіп қалды. Ауруханада жатқан 1884 адамның жағдайы ауыр. 400 пациенттің өмірі қыл үстінде. 187 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.

А. Данияр