Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары күн сайын 22-00-ге дейін жұмыс істейді

AstanaTV
06.08.2021ж. 20:00
1952
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары күн сайын 22-00-ге дейін жұмыс істейді

Елордада инфекциялық стационарлардың жүктемесі 69 пайызға төмендеді. Нұр-Сұлтан қаласы "қоңыр-қызыл" аймақтан "қызылға" өтті. Эпидемиологиялық жағдай жақсарып, коронавирус жұқтыру    көрсеткіші төмендеген сайын карантин талабы біртіндеп жеңілдеуі мүмкін- дейді мамандар.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, "қызыл" аймақта сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері сенбі мен жексенбіні қоса алғанда, барлық күні кешкі онға  дейін жұмыс істей алады. Ал базарлар сенбі мен жексенбі күнін қоса алғанда сағат оннан кешкі беске дейін ашық болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, қонақ үйлер мен әуежай, темір жол вокзалдары да қалыпты жұмыс кестесіне өтеді.

Ал "қоңыр-қызыл" аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары таңертеңгі оннан кешкі сегізге дейін, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері азанғы жетіден кешкі сегізге дейін, базарлар таңертеңгі жетіден кешкі беске дейін жұмыс істейді.

А. Базарбай