Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Таразда шенеуніктер кәсіпкерлерден пара алған

AstanaTV
06.08.2021ж. 20:00
1691
Таразда шенеуніктер кәсіпкерлерден пара алған

Тараз қаласы әкімдігі аппаратының 2 бас маманы 200 мың теңге пара алып, балалар ойын-сауық орталығының кедергісіз жұмыс істеуіне рұқсат берген.  Енді олар миллиондаған айыппұл төлеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылады. Кәсіпкерлік нысанның әкімшісі де жазаланды.  

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ NO2 СОТЫНЫҢ ҮКІМІМЕН МЫНАЛАР СОТТАЛДЫ:


Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Қ.Ізбасаровқа мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды;
 - Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Сүйінбеков А.А.  мемлекеттік қызметте, судьялар лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1,5 миллион теңге айыппұлға;
 - «KIDS Park» балалар ойын -сауық орталығының әкімшісі Шілдебаев Б.М.  мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 млн.теңге айыппұл салынды.


ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ:

Еске салайық, Талдықорған қаласында да кәсіпкерлік бөлімінің 2 қызметкері ұсталған болатын. Олар да кәсіпкерлерден пара алып, карантин шектеулеріне қарамастан жұмыс істеуге рұқсат берген. Осы оқиғадан кейін қала әкімінің орынбасары жұмыстан кетті.  

Л. Қуанышқызы