Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Әдейі вирус таратылып жатыр" деген ақпарат рас па?

AstanaTV
06.08.2021ж. 20:00
3039
"Әдейі вирус таратылып жатыр" деген ақпарат рас па?

WhatsApp желісі арқылы 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таралып жатыр.  Stopfake.kz сайтының хабарлауынша бұл жалған ақпарат. Хабарлама авторы аурухана қызметкерлерінің сөзіне сүйенген. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен.     

Делінген мәтінде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де бұл ақпаратты теріске шығарды.  Жалған ақпарат таратқандар жазаланады.

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
   
Бұған сенуге болмайды. Егер кез-келген ақпаратты кім айтқаны, дерек көзі белгісіз болса, ақпаратқа мән берудің, сенудің қажеті жоқ. Себебі мұндай ақпарат жансақ, мұның артында ешқандай дәлел жоқ.

А. Базарбай