Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Тұран" футбол клубы Мессиге ұсыныс жасады

AstanaTV
06.08.2021ж. 20:00
2069
"Тұран" футбол клубы Мессиге ұсыныс жасады

Қазақстандық "Тұран"футбол клубы Мессиге ұсыныс жасады.  "Лео Месси, сізді түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістанға шақырамыз!" - делінген клубтың Instagram-дағы жазбасында.

Бірақ сарапшылар Аргентинаның Морадоннадан кейінгі ең атақты футболшысының талаптарын Еуропа алпауыттарының ішінде екі клуб қана қанағаттандыруы мүмкін деп топшылап отыр. Олар Англиялық "Манчестер Сити" мен Франциялық ПСЖ командасы.  Ал отандық футбол сарапшылары басты басымдық франциялық командада дейді.

Ермұхамед МӘУЛЕН, ФУТБОЛ ШОЛУШЫСЫ:

Лионель Мессиді "Манчестр сити" сатып алмайтыны түсінікті. Өйткені "Манчестр сити" күні кеше ғана Джек Грегич деген футболшыны 100млн фунтқа сатып алды. Сондықтан жалғыз сатып алса қаржысы бар бірден-бір команда бұл Францияның ПСЖ командасы деп ойлаймын.  Серхио Рамс, Лионель Месси, Неймар бастаған жігіттер ПСЖ сапына ауысып жатса таң қалмаймыз.

Айта кетейік, атақты аяқ доп шебері  Месси испаниялық клубтан ресми түрде кетті.  Бұған екі тараптың   қаржылық келісімге келе алмауы себеп болған. Төрткүл дүниені таңдандырған бұл оқиғадан соң, жанкүйерлер арасында Мессиді алдағы уақытта қай командадан  көреміз деген пікірлер таласқа түсуде.Әрине аңыз адамға айналған футболшыны  қай команда болмасын өз сапына алуға дәмелі.

Б. Сатуов