$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында күйеуі әйелін тірідей өртеген

AstanaTV
10.08.2021ж. 20:00
1717
Павлодар облысында күйеуі әйелін тірідей өртеген

Павлодар облысында күйеуі әйелін тірідей өртеп жібермек болды. Оқыс оқиға Павлодар ауданына қарасты Розовка ауылында болған. Полицияның дерегінше, отбасылық мерекеден кейін араққа сылқия тойған күйеуі, түн ішінде көлік тізгініне отырмақ болады. Бұған әйелі қарсылық танытыпты, оны тоқтатқан. Бұл оның ашуына тисе керек, үйден спирт әкеліп, әйелінің үстіне шашып, бірден от қойған. Күйеуі сол сәтте есін жиса керек, әйелінің үстіндегі өртті өзі сөндіріпті. Десе, де зайыбының денесі 50 пайызыға күйіп үлгерген.

Асхат МҰСАЛИМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАСЫ КҮЙІК БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

Науқастың жағдайы қазіргі уақытта ауыр деп есептелінеді. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жараның көлемі үлкен деп есептелінеді. Жағдайы қиын. Өміріне де қауіп келуі мүмкін. Қолымыздан келгенімізді дәрі-дәрмегімізді беріп жатырмыз.
 
Ал, қаскөйды тәртіп сақшылары қамауға алған. "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабымен тергеу амалдары басталып кеткен. Бұл бап бойынша, әйеліне жасаған қастандығы үшін күйеуі 2 жылға дейін бас бостандығына айрылуы да бек мүмкін.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107 бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалы басталды.


Ө. Қуанар