Қызылордадағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, шынымен жарамсыз диплом бергені ме? Түлектер не істерін білмей дал. Дабыл қаққанда солар болатын. Олар екінші мамандық алмақ болған, бірақ құжаттарын тапсыра алар емес. Тіпті жұмысқа да орналаса алмай жүргендерін айтып шағымданды. Айтуларынша диплома сәйкестендіру нөмері жоқ. Министрлікке де тіркелмеген. «Ал кейіннен оқу орнының мәселесі сотта қаралып жатқандығын білдік» дейді бітірушілер.
Жанар АЙТМҰРАТ, ТҮЛЕК:
Аккредитацияда уақыттары бітіп, лецензиясынан айырылып, сот болып жатқандығы туралы ешқандай хабар берілген жоқ. Диплом алып тұрып кураторымыз айтқан жоқ. 25-сі ең соңғы күн, екінші жоғарғы оқу орнына қабылдау күні. Сол күнге дейін біз жылдамырақ үлгеруіміз керек.
Қазір дипломның жырымен 400-ге жуық түлек сенделіп жүр. Ал қыркүйекте сабаққа келетін 600-ден аса студент бұл былықтан бейхабар. Оны институт әкімшілігі де растады. Дегенмен олар өз дипломдараның жарамдылығына сенімді. Өйткені, дипломда сәйкестендіру номері жазылу керек деген заңнама шықпай тұрып, диплом түлектерге бергенбіз дейді.
Айгүл ӘЛІБЕКОВА, «АҚМЕШІТ» ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:
17 маусымда күшіне енді. Яғни, әрбір оқу орны, QR-коды беріледі деп. Ал біздің диплом оған дейін берілген. Заңға сәйкес, біздің де берілген диплом заңды деп есептейміз. Себебі акредиттеуден жарамды мерзімінде оқу проецесі академиялық күнтізбеге сәйкес оқу бағдарламасын толық аяқтаған.
Жоғарғы оқу орнындағы бұл келеңсіздік, Білім және ғылым министрлігінің де құлағына жетті. Олар проректордың сөзін жоққа шығарды. Дипломдарды рәсімдеуге енген өзгерістерді, оқу орындарына мерзімінде хабарланған деп отыр. Ал аталған институтты биыл бітірушілерге берілген диплом жарамсыз екенінін жоққа шығармады.
Гүлзат КӨБЕНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:
«Ақмешіт» институты, соңғы үш жылда жіті назарымызда болатын. Тексеру барысында лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Ал оқу орнының аккредиттеу мерзімі ағымдағы жылы 30 мамырда біткен. Сондықтан бітірушілерге диплом беруге бұл институттың құқығы жоқ.
Сонда сергелдеңге түскен түлектердің оқу ақысы мен уақытын кім қайтарады? Сауал әзірге басы ашық қалып тұр. Министрліктегілер бұл мәселе құзырлы орындарға жолдандығын айтып отыр. Жарамсыз дипломның жыры қашан, немен аяқталары белгісіз. Белгілісі "Ақмешіт" институтын биыл 400-дей түлек бітіріп шықты. Олардың әрқайсысы жылына 200 мың теңгенің үстінде оқу ақысын төлеп келген.
М. Тоқтасынқызы