Коронавирус өршіп тұрғанымен, карантин шектеулерін пысқырмайтындар азаймай отыр. Әсіресе, түнде: қорқор шегіп, көңіл көтеретіндер көбейген. Осындай 9 мекеменің жұмысын астаналық миниторингтік топ бір түнде әшкере етті.
Жасырын жұмыс істеп жатқандарды анықтау оңайға соқпады. Себебі, олардың барлығы сырттағы жарықты сөндіріп, есікті іштен жауып алған. Алайда, мониторинг топ өкілдерінің бірі, қонақ ретінде алдын-ала қоңырау шалып, ішке кіруге мүмкіндік алған.
Заң бұзғандарын елемеген қонақтар, тіпті медициналық бетперде де тақпаған. Бірі биллиард ойнап, бірі қорқор шегіп, көңіл көтеру үстінде. Түңгі рейд кезінде 9 нысанның заңсыздыққа жол бергені әшкере болды. Тәртіп бұзған нысандардың барлығына хаттама толтырылып, құзырлы органдарға жолданды.
Асан СӘУЛЕБАЕВ, САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Сарыарқа ауданының аумағында заңмен тыйым салынған уақытта заң бұзғандар анықталды. Мына лаундж-барда карантин режимінде 13 адам келіп, заң бұзған. Тиісті материал жиналды. Соның негізінде процессуалды шешім шығарылады.
Түнде ұсталған кәсіпкерлер 680 мың теңге айыппұл арқалады. Алайда, тәртіп сақшылары дәмхана, мейрамхана, барлар мен түнгі клубтарды торуылдағанымен, заңбұзушылық тыйылар емес. Сондықтан, күндізгі сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін, ал 18.00-ден түнгі 3.00-ке дейін кезекші тексеруші топ, үзіліссіз жұмыс істеп жатыр.
Л. Қуанышқызы