Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / «Атырау» ФК легионерлердің жалақылары белгілі болды

«Атырау» ФК легионерлердің жалақылары белгілі болды

«Атырау» футбол клубына жуырда жаңа легионерлер қосылды. Оның бірі - бразилиялық 26 жастағы шабуылшы Аллеф. Ал екіншісі - сербиялық жартылай қорғаушы – 24 жастағы Лаззар Сайчич. Және 25 жастағы жартылай қорғаушы нигериялық Соломон УДО да бар. Удода Армения азаматтығы бар. Ал Еуразиялық одақ елдерінің азаматтары Қазақстанда легионер болып саналмайтын көрінеді. Жыл соңына дейін келісім-шартқа отырған футболшылардың айлық жалақысы – әрқайсысы- 2 миллион теңге.

Ұзақ ТҰСАЕВ, «АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ КЛУБЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы келген екі легионер бойынша олар келісім-шарттары 4 айға жасалынған. Еңбекақысы 2 млн теңгеден аспайды. Ол қолға алатыны басқа суммасы. Одан Үкіметтің ұстанатын салықтары бар. Ұсталынғаннан кейін 2 млн емес, 1 млн 600 мың теңге алады. Негізі бізде 4-5 адам болды просмоторда. Осы екеуіне тоқталды.

Командадағы 25 ойыншының 8-і - легионер. Біреуі – Ресей футболшысы, тағы үшеуі елдегі өзге клубтардан  ауысқан. Қалғаны - жергілікті аяқдопшылар. Оларға 400 мың мен екі миллион теңге аралығынд жалақы төленеді. Клуб басшылығы соңғы жылдары қаржыландыру едәуір қысқарғанын айтып отыр. Нәтижесінде легионерлердің де қалтасын қалыңдату да тыйылған.

Нұртаза ӘБІЛХАНОВ, «АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ КЛУБЫ» ЖШС СПОРТ ДИРЕКТОРЫ:


Өздеріңіз білесіздер. Заң қабылданды. Футболшылар екі миллионнан артық алмауы керек. Егер біз одан көп төлегіміз келсе де, ол заң бұзған боп саналады.  Бізді әкімдік қаржыландырады. Биылғы 1 ақпанда шыққан Заңға сәйкес жалақыны 2 миллион теңгеден асыруға болмайды. Біз команданың алдына еврокубокка қатысу талабын қоямыз. Сол үшін осы екі легионер шақырылды. Командағы көмектесу үшін. 
   

Қазақстан чемпионатында әзірге 7-ші орынға табан тіреген атыраулықтардың ендігі межесі – үздік ойынмен алға шығып, Европа лигасында өнер көрсету. Алда 7 ойын қалды. Оның 3-еуін өз алаңында өткізеді. Айта кетейік, «Атырау» футбол клубының  жылдық бюджеті – 1 млрд 200 млн теңге. Оған негізгі, қосалқы құрам, балалар, жасөспірімдер футболы, іссапарлар мен коммуналдық төлемдер де кіреді екен.

Б. Надірқызы