Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қанды оқиға ауыл халқын жікке бөлді

AstanaTV
13.08.2021ж. 20:00
4066
Қанды оқиға ауыл халқын жікке бөлді

Атырау облысында он адамның соққысынан қайтыс болған жігіттің туыстары, қылмыскерлердің барлығы  қамалсын деп отыр. Есбол ауылындағы қанды оқиға, ауылдықтардың арасына жік салды. Қалбағаевтар отбасы бір аптадан бері қайғыдан бас көтере алар емес. Олар кенже ұлы Азаматты топ бала аяусыз ұрып, ауыл сыртына лақтырып кеткеніне күйінеді.
 
Қайғыдан қан жұтқан анасы: "үйленеді деп күтіп жүрген ұлының, аяқ астынан жаназасын жасаймын" деп ойламадым" дейді. Жақындарының айтуынша, марқұм сол күні үйде жалғыз болған. Түске таман оны ауылдас жігіттердің бірі алып кеткенін жеткізді.  

Сағима КЕНЖЕҒАЛИМОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:

Көкем-ау ең болмаса қара су деп отырды дейді. Су дегенде мазақтап. Шашып өздері ішіп қазір береміз деп кетіп қалған. Ақ Жайыққа барып шомылады. 10 адамның ішінде құда жегжат ағайын. Бүкіл ел дүрлікті. Рулы елдер бір бірмен араз болып жатыр.


Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жантүршігерлік оқиға ауыл шетінде осы маңда болған. Азаматты өзінен бір жас кіші 10 жігіт аяусыз ұрып, өздері тайып тұрған. Қансырап жатқан жерінен жолай кетіп жара жатқан ауылдасы екі сағаттан соң тауып алыпты


Оқиға орнын тергеушілер қоршап қойған. Қан іздері әлі жатыр. Туыстарының айтуынша, екі күн бұрын марқұм өзінен бір жас кіші ауылдасымен сөзге келіп қалған. Ол кек алмақ болып, құрдастарын жинап алып келген дейді қара жамылған отбасы. Ұзындығы бір метрлік темірмен қаруланған деп қосты. Қансырап жатқанына қарамастан "Жайық" өзеніне лақтырып тастапты деді.

Алмас ҚАЛБАҒАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Сау жері жоқ денесінде. Аяқ қолы бәрі сынған. Басы бәрі жарылған. Қабырғалары сынған. Қан қан. Денесінің бәрі қан. Талабымыз 10 бала ұйымдасып келді ғой. 10 баланың бәрі жазасын алу керек. 10 баланың ішінде қазір алтауы бостандықта жүр.

30 жастағы Азамат Қалбағаев ауруханаға барар жолда көз жұмған. Қазір бұған қатысты «Адам өлтіру» бабымен тергеу жүріп жатыр. Полиция сараптама қорытындысына сәйкес бостандықтағы алты сезіктінің әрекетіне баға берілетінін хабарлады.
 
Нұрмұхаммед МҮТӘЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Қалған алты азаматтың іс бойынша жасаған әрекеттеріне баға береді де, олардың тарапынан бұлтартпау шарасы қабылданатын болады. Қазіргі кезде ол кісілер ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен жүр. Бірақ ол тұлғаның барлығы сезікті ретінде  танылып отыр.

Ал марқұмның туыстары болса, бостандықта жүргендер де қамалмай, тыныштық таппайтындарын жеткізді.

Б. Надірқызы