Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкенттегі мәйітхана алдында кезек пайда болды

AstanaTV
13.08.2021ж. 20:00
2683
Шымкенттегі мәйітхана алдында кезек пайда болды

Шымкенттегі мәйітхана алдында кезек пайда болды. Күн сайын бақилық болған туысының денесін әкетуге келетіндер көбейіп келеді. Патологоанатомиялық бюро мамандары мұны растады. Олар әсіресе кейінгі екі аптада коронавирустан көз жұмғандар жиілегенін айтты.  

Марат ТОҚТАСОВ, ДӘРІГЕР-ПАТОЛОГОАНАТОМ:

 
Екі ай бұрын айына +60-70 адам болса, қазір бір күнде 25, 30-35 адамға дейін барып жатыр. Солардың 80-90 пайызы тек қана ковидтан қайтыс болғандар. Бір -екі ақ адам ғана инсульттан басқа инфаркттен қайтыс болған адамдар.

Айта кетейін, Шымкенттегі мәйітхана Түркістан облысына қарайды. Сондықтан облыс көлеміндегі аруханаларда көз жұмғандарда әуелі осында жеткізіледі.  Мәйіттер мұнда тиісті өңдеуден өткізіліп, арнайы оралып болғасын ғана туыстарына тапсырылады. Шаһардың бас дәрігерінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада 600 -ден астам адам тәж вирусының құрбаны болған. Соның тең жартысы шілдеден бері көз жұмыпты.


А. Төребекқызы