$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында су басқан тас жол мен темір жол қалыпқа келтірілді

AstanaTV
16.08.2021ж. 20:00
2253
Жамбыл облысында су басқан тас жол мен темір жол қалыпқа келтірілді

Жамбыл облысында тас жол мен темір жолды таудан аққан сел шайып   кетті. Салдарынан Меркі-Шу- Бурылбайтал бағытындағы республикалық маңызы бар жолда қозғалыс тоқтап, пойыздардың жүруі шектелді.

Тау суы Шу ауданы Аспара ауылынан екі шақырым жердегі тас жолдың 3 метрін зақымдады. Жол биыл ғана   төселген. Алайда, судың ағысы қатты болғандықтан өткел опырылған.  Одан әрі аққан су темір жолдың астынғы қабатын шайып кеткен. Кесірінен 6 жолаушы пойызы кестеден кешікті.  Жөндеу жұмыстары түнімен жүргізілді, 50-ден астам адам мен 20 техника жұмылдырылған.        

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Нәтижесінде 2 сағат 40 минутта бір бағыт бойынша темір жол толығымен жөнделіп, тиісті пойыздар жүргізілді. Азанда сағат 8:20 да екінші бағыт бойынша да толығымен жөндеу жұмыстары бітіп, қайта қалпына келтіріліп,шектеусіз пойыздар жүріп жатыр. Қазіргі таңда автомобиль, темір жол барлық көлік бойынша шектеусіз жүргізілу қамтамасыз етілген.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы да әлеуметтік желіде жазды. Бірінші контейнер тиеген пойыз көпір арқылы өткізілген.  Оның артынан Шымкент Нұр-Сұлтан бағытымен жүретін Тальго жөнелтілді. Кешігіп жатқан өзге пойыздар туралы ақпаратты теміржол вокзалдарының анықтама бюросынан білуге болады деді ол.

Б. Жұмабайұлы