Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда "Nur Otan" партиясының мүшелері үш мың оқушыны жаңа оқу жылына дайындады

AstanaTV
17.08.2021ж. 20:00
1380
Алматыда "Nur Otan" партиясының мүшелері үш мың оқушыны жаңа оқу жылына дайындады

Алматыда "Nur Otan" партиясының мүшелері үш мың оқушыны жаңа оқу жылына дайындады.  Мегаполисте «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін партия мүшелері алғашқы көпбалалы және аз қамтылған он алты отбасына мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке сыйға таратты.Қалғандарына карантиндік шектеулерге байланысты алдағы екі аптаның ішінде тапсырылатын болады. Оқу жылына арналған алғашқы сыйлықтардың бірін көпбалалы ана Алмагүл Мұқанова алды.  Бес баланың анасы халық қалаулыларының бұл игілікті ісіне дән риза.

Алмагүл МҰҚАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы "Nur Otan" партиясына бірнеше сұрақтармен келіп өтініш жасаған едім. Әрбір сұрағым оң шешімін қабылдады.Бүгін мына төртінші балам мектепке барып отыр, төрт баланы киіндіру, мектепке жинау оңай емес. Үлкен рахмет мынау игі шараға. Партияның мүшесі атандым. "Nur Otan" партиясына мың алғыс!

Сондай-ақ, акция аясында үш мыңға тарта оқушының жүзден астамы арнайы сертификаттарға ие болады. Оны Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов өз атынан ұйымдастырған.  Айта кетейік, сертификат 2022 жылға дейін жарамды.

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өз тарапымнан тағы да қосып беріп жатырмыз сертификат. Сертификат деген формаға сертификат арналған. Оның бір үлкен плюсі, ол сертификатты осы жылы да, ендігі жылы да ауыстыруға болады. Ол сертификат бойынша форма алынады. Осы Қазақстанның "Алтын адам" компаниясымен бірлесіп, осы форманы беріп жатырмыз. Өз тарапымнан 114 сертификат беріледі.


Б. Сатуов