Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Елордада ойын алаңдары жаңартылып жатыр

AstanaTV
18.08.2021ж. 20:00
1356
Елордада ойын алаңдары жаңартылып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында жыл соңына дейін 50-ден астам жаңа ойын алаңы салынады. 10-ға жуық аулада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аудан әкімшілігі бұл жұмыстарға бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер де аулаларды жаңартуға атсалыспақ.

Рауан ЕЛІМБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ АБАТТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Қаланың көркін кіргізу, және балалар мен ересектерге ыңғайлы алаңқайларды салу біз үшін өте маңызды. Осы мақсатта жылда жасалатын жұмыстарды жетілдіріп отырамыз. Биыл да бірқатар нысанды қолданысқа беруді көздедік. Жыл соңына дейін аудандағы алаңқайлар абаттандырып, тұрғындарға қолайлы орта жасалады.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, арнайы комиссиядан бөлек, қаланың кез-келген тұрғыны үй ауласын жаңғырту үшін өтініш бере алады. Халықтың қалауы толықтай ескеріледі дейді.

Рауан ЕЛІМБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ АБАТТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Қаланың кез-келген азаматы атқарылатын жұмыс пен оның жобалық сметалық жоспары ретінде өз көзқарасын білдіріп, өтініш білдіре алады. Соған сәйкес біз тізім жасаймыз, қоғамдық тыңдауға ұсынамыз. Қоғамдық кеңес қарайды. Оның маңыздылығына қарай жұмыстарды анықтаймыз.


Қазірдің өзінде бірнеше көшеде жаңа алаңдар тұрғындардың игілігіне берілген. Балалар мен ата-аналар көптен күткен спорт және ойын алаңы бой көтергеніне дән риза.

БЛИЦ:


- Балаларға қажеттінің барлығы жасалған мұнда.

- Осы жерде адамдар толып жүреді. Үкіметке рақмет. Президенттің халықты ойлағанының көрінісі. Осындай істер көбейе берсін.

Жергілікті билік мұнымен тоқтап қалмаймыз дейді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.  

Ғ.Өтемісов