БҰҰ-ның 100-ге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға жеткізілді. Қауіпсіздік мақсатында олар енді жағдай тұрақталғанша осында болады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар Қазақстанда отырып, қашықтан жұмыс істейді. Қызметтік үй мен кеңсе және басқа да керек-жарақтар ұйым бюджетінен қаржыландырылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың ушығуына байланысты БҰҰ Қазақстаннан Ауғанстанға көмек көрсету миссиясын және Алматыдағы БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін уақытша көшіруді сұраған.
Ғ.Өтемісов