Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қуаңшылық диқандар еңбегін зая етті

AstanaTV
20.08.2021ж. 20:00
2171
Қуаңшылық  диқандар еңбегін зая етті

Солтүстік Қазақстанда қуаңшылық салдарынан  астық аз жиналмақ.  Былтыр  әр гектардан 40 центнер өнім алған диқандар  биыл бидай одан 4 есе аз дейді. Теріскейде  мамыр айынан бері  небәрі 24 миллиметр жауын жауған. Бидай масақтары күннің ыстығынан күйіп кеткен.  

Владимир ГУМЕНИК,  ДИҚАН:

Былтыр біз бұл алқаптардан 42 центнер өнім алдық. Биыл астық шығымдылығы бар жоғы әр гектарда 8-9 центнер ғана. Бірақ бидайдың желімтегі жақсы. Үшінші сұрыпты астық болады. Биыл табыс болмайды, тек шығынымызды ақтасақ соған да қанағат. Бұл жыл өте қиын болды.


Биыл Қызылжар өңірінде  4.3 миллион гектар жерге егін егілген.  Оның 70 пайызы- дәнді дақыл.

Бахтияр ТОҚЖІГІТОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ АГРОНОМИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Диқандар қыста ылғалды сақтау жұмыстарын жүргізді, жазда топырақты тыңайтумен айналысты, түрлі зиянкестерді улауға біраз көңіл бөлді. Осының арқасында әр гектардан орташа 12 центнерден өнім алуды жоспарлап отырмыз. Бұл көрші аймақтармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Себебі, басқа өңірлерде жаңбыр мүлде аз жауды.

Теріскейліктер екі жыл қатарынан қуаңшылықтың зардабын тартты. КЕлер жылы да жағдай осылай болса өңір диқандары банкрот болуы мүмкін, дейді сала мамандары.


А. Құрманкин