$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы жазушы Сұлтан Оразалиннің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

AstanaTV
23.08.2021ж. 20:00
1916
Елбасы жазушы Сұлтан Оразалиннің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, белгілі жазушы Сұлтан Оразалиннің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы "Елбасы" сайты жариялады. «Сұлтан Шәріпұлы бүкіл саналы ғұмырын әдебиет пен мәдениетке, әсіресе қазақ телевизиясы мен радиосының өркендеуіне арнады. Сонымен қатар егемендік жылдары бірқатар жауапты мемлекеттік қызметтерді де абыроймен атқарып, қаламгерлік пен қайраткерліктің тізгінін тең ұстаған талантты тұлға, майталман маман болатын. Оның қоғамдағы көкейкесті мәселелерді арқау етіп, әлеуметтік астарын аша білген айшықты авторлық бағдарламалары мен әдеби-мәдени хабарлары, танымдық телеқойылымдары, мазмұнды кітаптары қашанда өз құндылығын жоғалтпасы анық», – делінген жеделхатта. Журналист, жазушы, теледраматург әрі қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин 80 жасында өмірден озды. Ол 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған.

Т. Оспанбаева