Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атыраулықтар шошқа баққан көршіден құтыла алар емес

AstanaTV
24.08.2021ж. 20:00
2164
Атыраулықтар шошқа баққан көршіден құтыла алар емес

Атыраудағы Водников – 2 мөлтекауданы тұрғындары шошқа баққан көршісінен құтыла алмай отыр. Аядай ауланы доңыз шаруашылығына айналдырғанына 5 жыл болған. Қолқаны қауып, бас айналдыратын жағымсыз иіс көше емес, тұтас мөлтекауданға тарап, тынысымызды тарылтты,- дейді базыналы бұқара.  

Бақыт ҚҰРАМЫСОВА, АТЫРАУ қ. ВОДНИКОВ-2 МӨЛТЕКАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жай сөзбен айттық басында. Сыртқа шығып та айттық. «Қашан қоясыз енді. Мына шошқаны алыңыз,- деп. Бұл кісі түсінбейді. Екі шошқадан бастады. Қазір шошқасы көп. 100 бас болған болар.

Аманкелді ТАСБОЛАТОВ, АТЫРАУ қ. ВОДНИКОВ-2 МӨЛТЕКАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылдың ортасында тұрып шошқа бағу деген масқара ғой. Совхоз емеспіз, колхоз емеспіз. Өзіміз осы 4 ай өтті көшіп келдік қалаға келеміз деп. Қалаға келгендегі кәсібіміз мынау енді. Таңертеңнен кешке дейін иіс масқара.

Мына кадрлар осыдан екі жыл бұрын түсірілген. Антисанитарлық жағдай, лас торайларды анық көруге болады. Кәсіпкер қазір терезені түк қалдырмай тұмшалап тастапты. Шыдамы шегіне жеткен жұрт, көршісімен сөйлеспекке есігін қақты. Бірақ әдеттегідей ешкім ашқан жоқ. Шошқа дауынан қалалық әкімдік те, құзырлы мамандар да хабардар, деді ашулы тұрғындар. Бірақ шара қолдануға асықпай отырғанын түсіне алмай дал.  

Марал САНСЫЗБАЙ, АТЫРАУ қ. ВОДНИКОВ-2 МӨЛТЕКАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жерден кетеді деген сияқты жауап келеді. Бірақ онымен кеткен жоқ. Бұл кісіге айтсақ, «біздің разрешениеміз бар. қайда барсаңыздар, онда барыңыздар»,- дейді. Бұл кісімен ешкім араласпайды.

Ветеренарлар осыдан екі жыл бұрын заңсыздықты жоямыз,- деп уәде еткен. Тіпті кәсіпкерге шошқаларын тіркетуге ұсыныс берген. Бірақ талаптарының орындалып жатқанын анықтауға қауқарсыз екендерін жеткізді.  
Ақтоты СИСЕНБАЕВА, АТЫРАУ қ. АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:

Шошқаларын тіркетпеу, заңсыз асырау, уақытында профилактика, диагностика жұмыстарын жүргізбеу. Осы мәселелер бойынша жүргізуге бердік хатты. Әрі қарай шара қолдана алмаймыз. Өйткені ол ҚР Бас Прокуратурасына тіркелмегендіктен. Біз ол кісіге жеке тұрғынға кіре алмаймыз заңсыз.


Руслан ДӘУЛЕТОВ, АТЫРАУ қ. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тұрғын үйде шошқа ұстау -  заңсыз.  Өйткені бұл аумақ тұрғын үй салуға ғана берілген. Сондықтан үй жануарларын ұстауға өзінің ветеринарлық талаптары бар. Сол талаптар сақталу керек. Тұрғындар аумақтық инспекцияға арыз жазу тиіс. Жалаң арыз емес, факт келтіру керек.


Шарасыз тұрғындар қайтадан қол жинауға кірісіп кетті. Тек кезекті арызы атқамінерлердің сөресінде шаң басып қараусыз қалмаса екен,- дейді.

Б. Надірқызы