Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда нұротандықтар көпбалалы отбасыларға көмектесті

AstanaTV
24.08.2021ж. 20:00
1177
Оралда нұротандықтар көпбалалы отбасыларға көмектесті

Оралда нұротандықтар көпбалалы отбасыларға көмектесіп, балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қол ұшын созды. Бұл жолғы «Мектепке жол» акциясы аясында, партиялықтар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың ұландарына оқу құралдарын сыйға тартты. Жаңа оқу жылына әзірлік әбден әлекке салғанын айтқан ата-аналар осы істі жеңілдеткен партияға ризашылығын жеткізді.

Марина ИМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бес балам бар, осы мектепте екі балам оқиды. Мектепке дайындау үшін шамамен жүздің үстінде ақша кетіп жатыр. Киімдері бар, оқу құралдары бар. Бүгін енді ұйымдастырғанына «Nur Otan» партиясына, депутатымызға көп-көп рақметімізді айтамыз. Жыл сайын осындай қолдаулар болса деп ойлаймыз.

Бүгінде нұротандықтар мұндай көмекті игі дәстүрге айналдырған. Мысалы, 1-тамыздан бері облыстағы бес жүздей мұқтаж отбасыға осындай көмек көрсетіліпті. Енді бұл қолдауды бір реттік акция ретінде шектемей, одан әрі жалғастыру жоспарда бар.
 
Нұргүл АШИКОВА, ОРАЛ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Осы «Nur Otan» партиясының атынан жалпы көпбалалы отбасылар, мұқтаж жандар біздердің әрқашан, партияның назарында. Назардан тыс қалдырмай, осы партияның атынан келіп, «Мектепке жол» акциясы бойынша осындай көмек көрсетіп, балаларға сыйлық беріп жатқан жағдайымыз бар.


Е. Карин