Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"iKOMEK-ке" жыл басынан бері бір жарым миллионнан астам елордалық жүгінген

AstanaTV
24.08.2021ж. 20:00
1792
"iKOMEK-ке" жыл басынан бері бір жарым миллионнан астам елордалық жүгінген

Елордада "iKOMEK" орталығының қызметіне жыл басынан бері бір жарым миллионнан астам тұрғын жүгінген. Бұл туралы аталған орталық мамандары мәлімдеді. Тұрғындар арнайы қызметті 109 нөмері бойынша, электрондық пошта немесе қосымшалар арқылы ала-алады. Орталық қызметі тәулік бойы жүргізіледі. Күніне мұндағылар 25 мыңға дейін қоңыраулар мен хабарламалар қабылдайды. Кейбір азаматтар тіпті "iKOMEK" арқылы полиция, жедел жәрдем қызметін де шақырады дейді.

Асылбек БӨРІБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. «iKOMEK109» ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз қаладағы 800-ге тарта ұйымдармен тығыз баланыста отырамыз. Олар пәтер иелері кооперативі, жеделсатыға жауаптылар, коммуналдық және апаттық қызметтер тағысын тағы. Өйткені тұрғындардың талап-тілегін осы ұйымдар арқылы бірлесіп, жедел шешеміз.


Орталық тұрғындардың өтініштерін қабылдаудан бөлек, қаладағы оқиғаларды да үздіксіз бақылауына алған.  Көше бойындағы бейнебақылау камераларының көмегімен iKOMEK операторлары, тіпті құқық бұзушылықтарды анықтап, кей жағдайларда қауіпті жағдайлардың алдын алады.

Асылбек БӨРІБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. «iKOMEK109» ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз тек тұрғындардың мәселелерін тиісті орындарға жеткізіп қана қоймаймыз. Біз полицияға қоғамдық орындардағы орын алып жатқан құқық бұзушылықтарды ашуға көмектесеміз. Яғни бейнебақылау камералары арқылы тәртіп бұзғандарды анықтаймыз және оған қатысты мәліметтерді тиісті орындарға жібереміз.


Нұр-Сұлтанда «iKOMEK» орталығының арқасында жыл басынан бері 12 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Нәтижесінде мемлекет пайдасына 25 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліпті.  Сонымен қатар, қызметкерлердің өздері атап өткендей, кейде қала тіршілігін бақылау арқылы, тіпті біреудің өмірін сақтап қалуға да болады.

Елдос АБАЕВ, МОНИТОРИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ:

Үстіміздегі жылдың көктем айларында бір топ кішкентай жас балалардың ересектедің қарауынсыз, өздері өзеннің қауіпті тұсында суға түсу  оқиғасын дер кезінде біздің әріптесіміз көріп,орталыққа хабарлап, сол арқылы болуы мүмкін, қатерлі жағдайдың алдын-алдық.

 
Орталық тұрғындардың талап-өтініштерінің 80 пайыздан астамын алғашқы қоңыраумен ғана шешілетінін айтады. Ал қалған арыздар басқа ұйымдар арқылы ұзаса бір аптаның ішінде қанағаттандырылады дейді.

Б. Сатуов