$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Елордалық 68 кәсіпкер грант ұтып алды

AstanaTV
25.08.2021ж. 20:00
1338
Елордалық  68 кәсіпкер грант ұтып алды

68 елордалық кәсіпкер жергілікті биліктің қолдауына ие болды. «Бизнестің жол картасы» аясында ұйымдастырылған байқауға  177 жоба ұсынылған. Жеңімпаздарға 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін қаржылық қолдау көрсетіледі. Байқау шарты бойынша қатысушының 10 % капиталы болуы тиіс. Бірақ бұл талап әлеуметтік әлжуаз топ өкілдеріне міндетті емес.

Айжан НҰРМАТОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Биыл құжаттар  «Қолдау» электронды цифрлық платформасында қабылданды.  Егер өтініш берушінің қарызы  болса, құжат өткізе алмайды. Біз жауапты орган ретінде дұрыс таңдау жасап, бағдарламаның шарттарына сай келетін жобаларды ғана қорғаймыз. Ары қарай  комиссия қарап, жобаларды бағалайды.

Бағдарлама жүзеге асырылғалы 400-ге жуық елордалық кәсіпкер қолдауға ие болған. Солардың бірі - Тоймереке Әбдірахманова. Ол  сабын шығарумен айналысады.   Енді  кәсібін жетілдіру үшін пластикалық ыдыс  әзірлеуге арналған қондырғы алмақ.  

Тоймереке ӘБДІРАХМАНОВА, КӘСІПКЕР:

Біз PED-TAR құрылғысын сатып алу үшін грант жеңіп алдық. Себебі, сұйық сабынға арналған пластмасса  бөтелке қажет. Енді біз сұйық сабын шығаруға ден қойып, бағаны төмендетеміз. Өндіріс көлемін арттырамыз.  Яғни, екі бағытта жұмыс істейміз. Біздің  отандық тауар өндіру сертификатымыз бар. Күніне 500 келі өнім  өндіруге тырысамыз.


Кәсіпкер  өнімін қазір ел аумағына ғана сатып отыр. Ал, болашақта әлемдік нарыққа шығуды көздейді.

Л. Қуанышқызы