Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Мүмкіндігі шектеулі балалар тең дәрежеде балабақшаға баратын болады

Мүмкіндігі шектеулі балалар тең дәрежеде балабақшаға баратын болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа оқу жылы қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен бірге «Болашақ» корпоративтік қоры елімізде алғаш рет инклюзияны қолдау кабинетін ашқан елордадағы «Қыз Жібек» балабақшасында болды. Елде 160 мыңнан астам ерекше білім алуға қажеттіліктері бар бала бар, оның ішінде 35 мың бала аутизммен ауырады. Қордың арқасында енді бұл балалар да қоғамға араласып, бәрімен ортақ білім алады.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, "БОЛАШАҚ" ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ МҮШЕСІ:

Біздің негізгі мақсатымыз жалпы осындай ерекше балаларға - аутизм балаларға жағдай жасау. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 14-жылы біздің партия съезінде "Келешек" деген бағдарламаны бастады. Сол кезде мүлдем қиын болатын. Қазір жалпы ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көп жағдай жасалынып жатыр. + Системно будем смотреть, у нас есть предвыборная программа партии, где Касым-Жомарт Кемелевич четко сказал, мы разработали, есть дорожная карта с Правительством, мы ее реализуем.

Динара ҚАПАРОВА, ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Менің балам психоневрологический интернеттың пациенті болады деп ойлаған. Ал қазір бірдене қайталады, бірдене айтады. Все благодаря этим девочкам. Еңді осы бүкіл Қазақстанға көбейтіп, тараталсың. Болашақ қорына үлкен рақмет алғысым айтамың.

Сонымен бірге ол «Болашақ» қорының сарапшылары Нұрсұлтан Назарбаев Қорына тұрақты түрде консультативтік қолдау көрсетететінін атап өтті. Өткен жылы қор 8 өңірде 16 мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау кабинетін ашқан. Енді келесі жылы аутизммен ауыратын және басқа да ментальды ауытқулары бар балалар үшін тағы да 8 заманауи еңселі орталық салуды жоспарлап отыр. Елордада ашылған жаңа топта қазір 5 бала қабылданған.  

Динара ШАЙЖҮНІСОВА, "БОЛАШАҚ" ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша, мектеп жасына дейінгі ерекше білімге мұқтаж балалардың тек 30 пайызы ғана сапалы инклюзивті біліммен қамтылған. Сондықтан бұл жұмысты жалғастырудың маңызы зор. Ал біз өз тарапымыздан, өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз, әсіресе өңірлерге.

Жалпы, сайлауалды міндеттемелер аясында таяудағы 5 жылда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тағы да 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жалғастырылады. Таяу уақытта сайлауалды бағдарлама мен азаматтар аманаттарының орындалу сапасын тексеру үшін жергілікті жерлерде тиісті көшпелі кездесулер өткізіледі.


А. Базарбай