Оралда ірі жол апаты. Жолаушылар автобусы соқтығысып, зардап шеккендердің саны 58 адамға жеткен. Оқиға таңғы қарбаласта болған. Қалаға кіріп келе жатқан нөмірі 7-ші автобус "Рено дастер" көлігін басып озбақ болған кезде, жеңіл көлікті, одан кейін нөмірі 5-ші автобусты соққан. Ал 5-ші бағыттағы автобус алдында кетіп бара жатқан жеңіл көлікті түйеді. Автобус кондукторының айтуынша, негізінен нөмірі 7-ші қоғамдық көліктегі жолаушылар зардап шеккен. Мына кадрларда соққының қуаты күшті болғаны көрініп тұр, автобустың тіректері мен орындықтары жұлынып кеткен.
Жолаушы:
Шопыр рөлге қыстырылып қалып қойды. Сосын адамдар есіктерді сындырып шықты, мен алдында тұрдым. Есік ашылмай қалды. Бүкіл халық үстіме келіп құлады, әлгі ұстап тұратындарының бәрі жұлынып кетті сынып.
Эльмира Сұлтанғалиева, кондуктор:
Бәріміз атып шықтық, менің үстімнен бәрі тапап өтті. Бәрі нормально, шыңғырды. Бірақ 7-маршруттағы адамдар қатты жарақаттанды. Не болғанын білмеймін, бірақ бәрі нормально деді.
Оқиға орнына 7 бірдей жедел жәрдем көлігі келген. Зардап шеккен 58 адамның ішіндегі алтауы ауруханаға жатқызылған. Олар түрлі жарақат алды. Зардап шеккендер арасында 4 жасөспірім бар. Олардың бірі жабық ми жарақатын алған.
Любовь Голубинова, БҚО клиникалық ауруханасының рентгенолог-дәрігері:
Бір сағатта 12 адамды қабылдадық, рентгенге түсірдік, олардың ішінде басы жарылып, мойны шығып кеткендер бар. Аяқ-қолы сынғандар да жетеді. Барлығы 58 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Бәріне көмек көрсетілді.