$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Әскери бөлімдер мен қару-жарақ қоймалары көшірілсін"-тұрғындар

AstanaTV
31.08.2021ж. 20:00
1743
"Әскери бөлімдер мен қару-жарақ қоймалары көшірілсін"-тұрғындар

Елді мекендер маңындағы әскери бөлімдер мен қару-жарақ сақтайтын қоймаларды түгел көшіру керек.  Арыстағы, Жамбылдағы жарылыстардан соң секем алып қалған Түркістан облысының тұрғындары  бұл мәселені тезірек шешу керек дейді.  Жаңа жол ауылы Өгем шекара бөлімшесінен  7 шақырымда  орналасқан. Жамбылдағы жағдай бұл  елді мекен жұртшылығын қатты алаңдатты. Егер бұл жерде де аяқ астынан бір жағдай болса, ең бірінші халық зардап шегеді деп қорқады олар.   

БЛИЦ:
 
- Құдай сақтасын енді, жаңағыдай жарылыс болатын болса  ауылға зияны келеді. Енді оның шығынын кім төлейді?  -Халық қырылады. Кеше болды ғой анау Таразда да. Мына Арыста да болды. Ауылдың арасында болғаннан кейін сондай болады да. 

- Ауылға жақын орналасқан дұрыс емес қой негізі. Алыстау орналасқаны дұрыс.

Ресми дерекке сүйенсек, ел аумағында қару -жарақ сақтайтын 58 нысан бар. Соның 18-і халық қоныстанған аймақтарға тым жақын орналасқан.    

А. Төребекқызы