Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ауғанстан толығымен Талибан билігіне өтті

AstanaTV
31.08.2021ж. 20:00
1296
Ауғанстан толығымен Талибан билігіне өтті

Ауғанстан толығымен Талибан билігіне өтті.  Пентагон бұл елдегі миссияның аяқталғанын хабарлады. Содырлар   АҚШ -тың жеңілгенін тойлады.  Олар осы сәтті пайдалана отырып  халықаралық қауымдастықты Ауғанстанға экономика, білім беру және денсаулық сақтау саласында көмектесуге шақырды.

Талибан жауынгерлері американдықтардың Ауғанстаннан кеткені туралы хабарды осылай қарсы алды.  Қараңғы түнде от шашумен жеңістерін тойлады. Ақпараттарға сүйенсек, 30 тамызда кешке американдық соңғы ұшақ елден ұшып кетті.  Бірнеше айдың ішінде Пентагон Кабулдан 120 мыңнан астам адамды шығарған. Айта кетейік, 20 жыл ішінде мұнда 2,5 мыңға жуық АҚШ азаматы қайтыс болып, жиырмадан астам адам жарақат алған.

Кеннет МАККЕНЗИ, АҚШ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ОРТАЛЫҚ ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Мен сіздердің алдарыңызда біздің Ауғанстаннан кететініміз жайлы және ауғандықтарды эвакуациялау миссиясының аяқталғаны туралы хабарлау үшін тұрмын ... Бүгінгі оқиға жиырма жылдық миссияның да аяқталғанын білдіреді. Бұл Ауғанстанда 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін басталған еді.

Талибандармен қақтығыста қос тараптың да сарбаздары шығынға ұшыраған. Әсіресе жергілікті тәртіп сақшылары. Одан бөлек 3 мыңға жуық адам зардап шеккен. Талибандықтар 30 мыңнан астам содырынан айрылған.  

Осы 20 жыл ішінде американдықтар біздің елді құртудан басқа ештеңе істемеді.  Осыдан кейін бізге не болады.  Бәрін өз қолымызға алайық.  Біз шетелдіктерге қашанғы тәуелді боламыз?

Енді ауғандықтар өз елін қайта құруы керек.  Олар бәрін диалог арқылы шешуі керек, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке тұрақты қадамдар жасауы керек.  Және, ең алдымен, қауіпсіздік шараларын мықтауы тиіс.


Ауғанстан енді ішкі жағдайды тұрақтандыруы қажет. Өйткені елде НАТО-ның есірткі саудасы өркендеген. Сонымен қатар АҚШ-тың мыңдаған танктері мен қару-жарақтары Талибандарда қалды.

Осылайша ең ұзақ американдық соғыс аяқталды.   

Б. Сатуов