Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Ауғанстанға үлкен көлемде ұн экспорттайтын еліміздің қалтасы қағылуы мүмкін"-өндірушілер

AstanaTV
31.08.2021ж. 20:00
1731
"Ауғанстанға үлкен көлемде ұн экспорттайтын еліміздің қалтасы қағылуы мүмкін"-өндірушілер

Еліміздің ұн өндірушілері дабыл қағуда. Олар экспортқа шықпай қалған ұн жарамсыз болып, қоймада қалып қоя ма деп алаңдайды.  Бұл тек өнімнің рәсуа болуы ғана емес, экономикаға төнген қауіп, дейді олар. Ауғанстанға үлкен көлемде ұн экспорттайтын еліміздің қалтасы қағылып қалуы мүмкін. Бұған сарапшылар не дейді? Лаура Қуанышқызы толықтырады.

Таяу шығыстағы тәліптердің төңкерісі елімізге   экономикалық қауіп төндіріп тұр. Мамандардың сөзіне сенсек, былтыр Қазақстан Ауғанстанға 1 млн 152 мың тонна бидай өнімін жөнелткен. Биыл жағдай басқаша.   

Евгений ГАН, ҚАЗАҚСТАН АСТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ауғанстан - ұн экспорттаушылар үшін ең үлкен сауда алаңы. Біз Ауғанстанға жалпы экспортталатын ұнның 2/3 бөлігін сатамыз. Өткен жылы 1100 тонна ұн жібердік. Ал, жақсы кезеңдерде 1500 тоннаға жететін. Ал, қазір жағдай қиын. Өйткені, біздің ұн жарамсыз болып қалуы мүмкін.

Бірақ, экономистердің айтуынша, Ауғанстан мен еліміз арасындағы экспорт тоқтай қоймайды. Тіпті, көбеюі де мүмкін, дейді. Өйткені, ауған елінің экономикалық пәрмені төмен болғандықтан, ұнға сұраныс керісінше артады деген ойда. Тек сәтті келісім жасау керек, дейді.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Әрине, біраз күте тұру керек. Арамыздағы негізгі байланыстарымыз үзілмейді. Біздің енді үлкен бір инвестициялық жобаларымыз жоқ. Ал, сауда экспорт импорттарымыз сол дәрежесінде қалса керек. Я болмаса көбеюі де мүмкін.


Жауапты ведомстваның мәліметінше, былтыр пандемияға байланысты әлемдік сауданың көлемі қысқарды.Бірақ, Ауғанстан мен еліміздің арасындағы сауда байланысы 55 пайызға артқан.  Сол кездегі экспорттық пайда 620 миллион 700 мың АҚШ долларына жеткен.

Асылжан КАДИМ, «QAZTRADE» КОМПАНИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:


Қазақстанның Ауғанстанға жіберіп отырған басты тауары- ұн. Одан түсетін пайда -330 миллион доллар. Одан өзге қазақстандық мекемелер Ауғанстанға автомобиль бензинін, зығыр тұқымын, минералды тыңайтқыштарды  тасымалдайды. Әрі таяу шығыс елінде елімізде өндірілетін күнбағыс майына сұраныс жоғары.

Ал, Қазақстан ауған елінен  ауыл шаруашылығы өнімдерін алады. Экономисттің ойынша, алаңдауға негіз жоқ.   Өйткені, өзге елдерде де бұл тауарлар өнідіріледі.Тек  тәліптер билік басына келгеннен бері бүкіл қаржы жүйелері  бұғатталған.  
 
Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Бұл жердегі қазіргі болып отырған үлкен мәселе- ол ауған банктеріндегі  төлем жүйелеріндегі бұғаттау мәселесі. Яғни,біздің тауарларымыз Ауғанстанға қазір жеткізіледі деп жатыр. Бірақ та, ауған тарапынан нақты сол тауарлар бойынша төлемнің болмай жатқандығы қазір өте үлкен мәселе болып тұр. Меніңше, бұл уақытша үрдіс.

Отандық сарапшыларды тауардың қауіпсіздігі   алаңдатып отыр. Бірақ саяси тұрақтылық қалыптасқанша, келіссөздер жүргізілгенше, шыдауға тура келеді дейді.

Л. Қуанышқызы